
Мемлекеттік басқару органдары мен билік қызметінің түрлі салаларындағы сыбайлас жемқорлық күрделі мәселесі бүгінгі таңда жаһандық сипатқа ие болды. Сыбайлас жемқорлық кез келген елдің ең күрделі әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселесі болып табылады.
Азаматтардың көпшілігі нығайған билікті жемқорлық ауруына қарсы рецепт ретінде қарастырып, саяси ерік-жігері болған жағдайда бұл құбылысты бірден жеңуге қабілетті деп санайтынын атап өтуге болады. Бұл ретте, мықты мемлекетке үміттене отырып, көбі азаматтық қоғам институттары арқылы жағдайға әсер ете алатынына сенбей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысу мүмкіндігін қарастырмайды.
Әлемдік ауқымдағы осы қылмыстық құқық мәселесінің айқын мысалы 1999 жылғы 27 қаңтарда қабылданған "Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы" Еуропа кеңесінің конвенциясын қабылдау болып табылады. Республикамызда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы бар.
Біршама ғылыми-қолданбалы зерттеулердің нәтижелері, мемлекеттің азаматтардың өздері де, азаматтық қоғам институттарының белсенді қатысуынсыз сыбайлас жемқорлық деңгейін жалғыз өзі төмендете алмайтынын көрсетеді, және бұл негізінен мүмкін емес.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әлемдегі жетекші орындардың бірінде екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол соңғы уақытта Қазақстанда сыбайлас жемқорлық үшін "тың жоғары лауазымдарды атқарған адамдар жазаға тартылғанын" атап өтті.
Transparency International ақпараттық деректердің пайымынша Қазақстан рейтингте Габон, Непал, Қырғызстан және Ливан сияқты елдермен бір орында тұрып, 180-ден 124-орынды иеленген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жақсарту мақсатында елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы құрылды, оның басты міндеттері сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау, болдырмау, жолын кесу, ашу және тергеу болып табылады.
2019 жылдың қорытындысы бойынша 1717 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, олардың жартысынан астамы парақорлық фактілеріне тиесілі.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап, мақсатты түрде һәм біртіндеп әлемдік стандарттарға сай келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін қалыптастыру бағытын ұстанады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға бола ма?
Қазақстандағы экономикалық модернизация мен ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында мемлекеттің қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы біртұтас стратегияның қажеттілігі айқын болды.
Стратегияның мақсаты -мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне, мәселені айшықтап төзімділік атмосферасын құру арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету қарастырылған.
Стратегияда айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары:
- мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
- қоғамдық бақылау институтын енгізу;
- барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі;
- қаржы бақылауы;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг;
- құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлама;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жою;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күресте жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көтермелеу;
Сыбайлас жемқорлықпен күресте кедендік-тарифтік реттеудің, тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының, Еуразия экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының бірқатар шаралары қабылдануда.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында белгілі бір дәрежеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, түрлі мемлекеттік бағдарламаларды, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылық көзделгені баршамызға айдан анық. Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі қаланды.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық дамуға, нарықтық экономика құруға, инвестиция тартуға кедергі келтіреді, демократиялық мемлекеттің саяси һәм қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашағына елеулі қатер төндіруде.
Баспасөз қызметі, этика жөніндегі уәкіл АҚЖҰО