Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні: баспасөз конференциясының қорытындысы

Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні: баспасөз конференциясының қорытындысы

Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай 30 шілдеде
Қазақстан астанасында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығымен, ҚР
Ішкі істер министрлігімен және «Родник» қоғамдық қорымен
ынтымақтастықта БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттігі ұйымдастырған арнайы
онлайн-баспасөз конференциясы өтті.
Аталған іс-шара аясында басты спикерлердің бірі болып Адам
құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Зере Утебаева сөз
сөйледі. Зере Утебаева өз сөзінде адам саудасымен байланысты
қылмыстарды анықтау және ашу мәселесі таразыда адамның өмірі мен
еркіндігі тұрғандықтан, аса маңызды болып табылатындығын атап өтті. Ол
құқық қорғау органдары тарапынан адам саудасының құрбандарын анықтау
деңгейі мен қозғалған істердің саны түрлі жағдайлар бойынша
бұрынғысынша төмен деп пайымдауға дәлел бар екенін хабарлады. Осыған
байланысты, Зере Утебаева адам саудасы құрбандарын жеткіліксіз ашу
себептерін анықтау мақсатында БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттігінің зерттеу
жүргізуінің маңыздылығы мен мерзімділігін атап өтті.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Эльвира Әзімовамен әріптестікте сарапшылардың жұмысы барысында
еңбекші-мигранттар арасындағы адам саудасы жағдайларын қарауға, адам
саудасы жөніндегі істерді тергеудегі қиындықтарды талдауға және осы
проблемаға байланысты қылмыстар үшін қудалау процесінде бірқатар
мәселелерді шешуге жеке назар аударылатын болады. Зерттеу нәтижесі
мемлекеттік органдар үшін жалпы адам саудасына қарсы іс-қимыл жағдайын
жақсарту және заңнамалық түзетулерді қабылдау үшін тиісті ұсынымдар
болады деп жоспарлануда.
ҚР ІІМ өкілі Шынар Кучербаева ішкі адам саудасы фактілерімен қатар
соңғы жылдары Қазақстан азаматтарын пайдалану үшін шет мемлекеттерге
шығару және Орталық Азия елдерінің шетелдік азаматтарын Қазақстанда
пайдалану үшін әкелу жағдайларының жиілеп кеткенін хабарлады. Шынар
Кучербаеваның айтуынша 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасында
адам саудасының нәтижесінде өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға көмек
көрсету мақсатында мемлекеттік қаржыландыру ұсынылады. 2020 жылы
бүкіл республика бойынша, олардың жұмысын қоғамдық ұйымдар
қамтамасыз ететін адам саудасының құрбандарына арналған 10 мемлекеттік
баспана жұмыс істейді.
«Родник» ҚҚ директоры Нина Балабаева өз сөзінде: «егер шетелдік
азамат Қазақстанда адам саудасының құрбаны болса, мемлекет жауапты
болып, зардап шеккендерге қорғау мен көмек көрсетуі тиіс», - деді. Нина

Балабаева бүгінгі таңда мемлекеттік баспаналар шетелдік азаматтарды,
соның ішінде адам саудасының құрбаны болған және елде уақытша жүрген
азаматтарды қабылдай алмайтындығына назар аударды, осыған байланысты
мұндай тәсілді өзгертуді ұсынды.
БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттікттің Қазақстандағы, Қырғызстандағы,
Түркіменстандағы және Өзбекстандағы миссиясының басшысы Зейнал
Гаджиев қорыта келе, осы жылы әлем миллиардтаған адамдардың
денсаулығы мен әл-ауқатына бұрын-соңды болмаған қауіп-қатерге тап
болғанын атап өтті. Пандемия және содан кейінгі экономикалық құлдырау
халықтың осал топтарын, соның ішінде мигранттарды адам саудагерлеріне
бұрынғыдан да осал етті, оларды қауіпті ұсыныстарды қабылдауға және
сорақы еңбек жағдайларына келісуге мәжбүр етті. Осыған байланысты БҰҰ
көші-қон жөніндегі агенттігі адам саудасының алдын алу және жоюда
азаматтық қоғам мен Қазақстан Үкіметін қолдауға деген өзінің адалдығын
тағы да растайды.


Баспасөз конференциясының бейнежазбасын мына сілтеме бойынша
көруге болады: https://www.facebook.com/watch/?v=1360293037503404

ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық Уәкіл