30 шілде - Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні

30 шілде - Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні
Адам саудасы - әлемнің барлық елдеріне және біздің қай-қайсымызға да әсер ете алатын жаһандық деңгейдегі проблема.
Мұндағы фактілер мен сандар көрсетіп тұрғандай, сарапшылардың бағалауы бойынша, жыл сайын шамамен 2,5 миллиондай адам осындай қылмыстың құрбаны болады. Мұның өзі тек болжамды бағалау, себебі көптеген құрбандар хабар-ошарсыз кеткен деп саналуы мүмкін.
Қорқынышты құқық бұзушылықтың бұл түрлері тіпті көп, соның ішінде - мәжбүрлі еңбек, құлдық, жыныстық қанаушылық, сондай-ақ адам ағзаларын сатуға алу.
Ең қорқыныштысы, кейбіреулер үшін бұл мәңгілікке қиратылған өмір болса, ал басқалары үшін миллиондаған, тіпті миллиардтаған доллар пайда екендігінде.
Бүгін 30 шілде - Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні болып табылады, бұл дегеніміз мәселенің өзектілігін тағы бір рет көрсетіп, адамзат тарихының ежелгі дәуірден бері жалғасып келе жатқан және ақпараттық қоғамның прогрессивті дәуірінде де жоя алмаған бөлшегі ретінде қала беретін қауіптілік екендігін еске салады.
«Құқық» пен «бостандық» ұғымындарының тікелей мәніне қатысты тым қатал осы қауіптің бар екендігін әрқашанда есте сақтауға және қырағы болуға шақырамыз.
 
ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық Уәкіл