
Мүгедектігі бар аадамдардың тең мүмкіндікке ие болып, қоғамға сіңісуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Жетісу облысы бойынша өкілі Талдықорған қаласының әкімдігіне автобустарға авто ақпараттандыру құрылғыларын орнату туралы ұсыныс жолдады.
Әкімдік Уәкіл өкілінің ұсынысын қолдап, бірінші кезеңде Рүстембеков көшесі мен Н.Назарбаев даңғылы, Қонаев пен Балапанова көшелерінің қиылысында арнайы дыбыс құрылғыларын орнатты. Бұл құрылғылар жаяу жүргіншілердің қозғалысына рұқсат беретін немесе тыйым салатын бағдаршамдар қосылған уақыт туралы ескертеді.
Осылайша, есту қабілеті бұзылған көптеген азаматтардың құқықтары сақталады.
Сонымен қатар, әкімдікте жолаушылар тасымалдаушыларымен кезекті жиын өтіп, автобус салондарына авто ақпараттандыру құрылғыларын орнату мәселесі шешілді. Қазіргі уақытта жолаушыларды ақпараттандыру функцияларын қамтамасыз ететін «Оңай» электронды билет жүйесін енгізу жоспарлануда.