
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілінің атына облыс тұрғынынан «кистозный фиброз» (муковисцидоз) диагнозы қойылған баласын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және мамандандырылған тамақтандыруға көмек көрсету мәселесі бойынша өтініш түсті.
Уәкілдің өңірдегі өкілі өтінішті қарап, Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасына тиісті сауал жолдады, сондай-ақ басқарма басшылығымен, қызметкерлерімен, медицина және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысымен телефон арқылы сөйлесті.
Нәтижесінде облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мамандандырылған дәрілік зат – құрғақ тағамдық қоспаны ағымдағы жылдың соңына дейін, келесі жылға азық-түліктің 3 айлық қорымен қоса сатып алуға өтінім берді.
Сондай-ақ басқарма «СК-Фармация» ЖШС-не жергілікті бюджет есебінен қажетті дәрі-дәрмек сатып алуды растау туралы өтініш жолдады.