
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкіліне сотталған азаматтан медициналық көмекке құқығын қалпына келтіруді сұраған өтініші түсті.
Жеке кездесу барысында ер адам 2021 жылдан бері «ІІ типті қант диабеті» диагнозымен диспансерлік есепте тұрғанын айтып, денсаулығының нашарлауына байланысты ем тағайындауды сұрады.
Уәкілдің өңірдегі өкілі Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына сотталғанға тиісті ем-дом жасау қажеттілігі туралы ұсыныс жолдады.
Нәтижесінде, арызданушы эндокринолог дәрігеріне қаралып, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, ер адам терапевтке қаралып, оған «Анықталмаған асқынулары бар инсулинге тәуелді қант диабеті» диагнозы қойылып, амбулаторлық ем тағайындалды.
Дәрігерлер түзеу мекемесіне науқастың жағдайын бақылауды ұсынды.