Елордалық колледж студенттеріне адам құқығы тақырыбында дәріс оқылды

Елордалық колледж студенттеріне адам құқығы тақырыбында дәріс оқылды

Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің (АҚЖУ) өкілдері құқықтық ағарту акциясы аясында М.Жұмабаева атындағы халықаралық колледжге барып, дәріс оқыды.

«Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша білім алып жүрген 70-ке жуық 3-4 курс студенттері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметімен, сондай-ақ Омбудсмен институтының тарихымен және адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық құжаттармен танысты.

Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде колледж студенттері әңгімеге белсене араласып, білім ошағындағы гендерлік теңдік, жыныстық тәрбие сияқты құқықтық мәселенің бағыттарын жан-жақты талқылады.

Студенттердің бірі мұндай лекциялар мен кездесулер қоғамымыздың сауатын арттыруға, адам құқықтарына қатысты проблемалардан хабардар болуға септігін тигізетінін баса айтты.