
Сіздерді және барша қазақстандықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын.
«Қазақстан – ортақ үйіміз» деген асыл қағида негізінде елімізде ұлтаралық келісім мен достықты сақтау – тәуелсіздік жылдарындағы ең құнды байлық әрі үлкен жетістік. Халық арасында айтылғандай: «Татулық пен ынтымағы жарасқан елдің бағы да, жұрты да жайнап тұрады. Өзара түсіністік бар жерде бүкіл халықтың болашағы жарқын».
Елімізде игі дәстүрге айналған Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу республика тұрғындары арасындағы келісімді, өзара түсіністік пен бірлікті нығайтуда елеулі рөл атқаратынына сенімдімін.
Бізді ұлы мақсат – еліміздің тыныштығы мен гүлденуі, халқымыздың амандығы біріктіреді. Осы игі мақсат жолында еңбек еткен әрқайсымыз арманымызға жетеміз. Бұл үшін мемлекетіміз бен қоғамымыз бар күш-қуатын, ресурсын жұмылдыруда.
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бейбітшілік, тыныштық пен береке тілеймін.