
Артур Ластаев: Қылмысқа мүлдем төзбеушілік – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізі
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Артур Ластаев Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановпен және өңірдің белсенділерімен кездесті.
Кездесу барысында Павлодар облысының басшысы Әділетті Қазақстанды құру идеясына баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Ол барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың міндеті – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келетін ұлттық келісімді нығайту екенін жеткізді.
«2023 жылдың қорытындысы бойынша өтініш берушілердің қабылданған жауаптарға қанағаттануы облыс бойынша 69%-ды құрайды, сондай-ақ біз қайталама өтініштер пулының 5%-ға азайғанын байқадық. Жоғары және орталық органдарға, сондай-ақ Президент Әкімшілігіне өтініш білдірушілер саны 13%-ға азайған. Жергілікті атқарушы органдар арасында азаматтарды жеке қабылдаулар апта сайын жүргізілуде», - деді Асайын Байханов.
Өз кезегінде Артур Ластаев Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл кеңсесінің қызметі туралы айтып, негізгі бағыттарының бірі бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге жәрдемдесу екенін еске салды.
Уәкіл қатысушылардың назарын АҚУ-дің Павлодар облысы бойынша өкілдігіне 2023 жылы 256 жолданым түскендігіне аударды, оның ішінде 19,1%-ы тергеу органдарының сотталғандардың құқықтарына қатысты әрекеттері мен әрекетсіздігіне, 14,8%-ы заңнама талаптарын бұзуға байланысты.
Сонымен қатар Артур Ластаев азаматтардың да, Уәкіл кеңсесі өкілдерінің де қылмыстық қудалау органдары тарапынан жедел ден қою мәселесі кезеңімен туындайтынын атап өтіп, арыз-шағымдарды мүмкіндігінше жергілікті жерде қанағаттандыру керектігін жеткізді.
Уәкіл Ұлттық алдын алу тетігінің жұмысына да тоқталды. ҰАТ қатысушылары жабық мекемелерге профилактикалық бару түрінде азаптаулардың алдын алу және анықтаумен айналысады. Осылайша, өткен жылы ҰАТ қатысушылары 461 профилактикалық тексеру жүргізді. Оның ішінде Павлодар облысы бойынша 35 профилактикалық тексеру өткізіліп, нәтижесінде 273 ұсыным берілген.
«Қоғамның тұрақты дамуы мен тыныштығы әр адамның құқықтық санасы мен мінез-құлқына байланысты. Заңдарды сақтау және қылмысқа мүлдем төзбеушілік қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Қорыта айтқанда, біздің жұмысымыз адам құқықтарының бұзылуына әкелетін себептерді жою үшін мемлекеттің, азаматтық қоғамның және құқық қорғаушылардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған», - деді Уәкіл.
Сонымен қатар отырыс барысында Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова мен Павлодар облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров баяндама жасады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Павлодар облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сапар барысында Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл кеңсесі мен БҰҰ Даму бағдарламасының бірлескен жобасы аясында қарастырылған халықты құқықтық ағарту мәселелері де қамтылды.