АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ: БОСҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ - ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ: БОСҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ - ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Парламент Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Қазақстандағы босқындардың құқықтық жағдайына арналған тақырыптық отырысына қатысты.

  • Омбудсмен өз сөзінде 1998 жылғы желтоқсанда Босқындар мәртебесіне қатысты конвенцияға қосылу және 2009 жылы арнайы Заң қабылдау арқылы Қазақстан жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту, дағдарысты реттеу, мәдениетаралық диалог пен тұрақты даму, сондай-ақ, 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жүйелі шаралар қабылдауға өзінің бейілділігін әрі дайындығын көрсеткенін атап өтті.
  • Омбудсмен кеңсесі ішкі заңнаманың және Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттардың ережелеріне талдау жүргізді, соның нәтижесінде «қайтармау» деп аталатын халықаралық қағидатқа сәйкестікке қатысты бірқатар ұсынымдар әзірленді. Сонымен қатар, экстрадициялау мәселелерін қарау кезінде балама алдын алу шаралары жүргізіледі.
  • Осы бағыттағы іс-қимыл Парламенттің заң шығару жұмысы аясында жалғасуда.
  • Артур Ластаев ұлттық құқық қорғау мекемесі БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасымен (БҰҰ БЖКБ) ынтымақтастықты нығайтып жатқанын жеткізді. Бұл орайда, тиісті Ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, оның аясында көші-қон заңнамасын жетілдіру және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты ұсыныстарды іске асыру бойынша жұмыс жалғаса береді.
  • Шетелдіктердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету – Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің назарында.