14 наурыз – Көрісу күні  

14 наурыз – Көрісу күні   

Бүгін елімізде татулық пен сыйластықтың белгісі – Көрісу күні, Амал мерекесі атап өтіледі.

Бұл – халқымыздың ырыс-ынтымағын, береке-бірлігін арттыратын ерекше мейрам.

Құрметті қазақстандықтар, баршаңызды осы тамаша мерекемен құттықтаймын!

Көктемнің жылы лебімен келген бүгінгі Көрісу күні отбасыларыңызға амандық, саулық, ал елімізге бейбітшілік пен тыныштық тілеймін!

 

Құрметпен,

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Артур Ластаев