Астанада БҰҰДБ әзірлеген бизнес және адам құқықтары мәселелері бойынша ұсыныстардың тұсаукесері өтті. Шараға Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Салтанат Тұрсынбекова да қатысты.
Таныстырылым барысында БҰҰ Басшылық қағидаттарының үш негізгі бағыты бойынша БҰҰДБ ұсынымдары талқыланды:
- мемлекеттің адам құқықтарын бизнестің теріс әсерінен қорғау міндеті;
- адам құқықтарын сақтаудағы корпоративтік жауапкершілік;
- құқықтық қорғау құралдарына қол жеткізу.
БҰҰДБ сарапшылары заңнаманы адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерге сәйкестендіру бойынша талдау жасау және ұсыныстар әзірлеу үшін Үкімет, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері кіретін жұмыс тобын құруды ұсынды.
Салтанат Тұрсынбекова ҰҚКК жұмыс тобына қосылуға дайын екенін атап өтті.
«Біз кәсіпкерлердің мемлекет тарапынан адам құқықтарының сақталуына немесе бақылауына қатысты нақты ұсыныстарын анықтау олардың тәжірибесіне оң ықпал ететініне, адам құқықтарының бұзылу тәуекелдерін басқаруға және азайтуға, экономиканың кез келген саласы мен секторындағы кәсіпкерлердің бизнесін жауапкершілікпен жүргізуіне көмектеседі деп сенеміз», - деді Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы.