
Ағымдағы жылдың 9 маусымы сағат 15:00-де онлайн режимінде ұлттық алдын алу тетігіне (ҰААТ) қатысушылардың аймақтық топтары жетекшілерінің қатысуымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Азаматтық қоғам өкілдері соттар мен құқық қорғау органдарының шешімдері мен үкімдері негізінде бостандығы уақытша шектелген немесе жазасын өтеп жатқан азаматтар тұрған жабық мекемелердегі адам құқықтарына қоғамдық бақылау нысаны ретінде ҰААТ мандатын күшейту бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі.
Кездесуге қатысушылар 2019 жылы аталған мекемелерге бару кезінде анықталған бұзушылықтарды ескере отырып, заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар енгізуге келісті.
ҰААТ аясында төтенше жағдайлар кезінде өңірлердегі ҰААТ-нің қатысушы азаматтар азаптау мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алуға бағытталған жұмыстарын тоқтатпағанын, жазасын өтеп жатқан адамдармен кеңестер және кездесулер өткізгенін атап өткен жөн. Бұл механизм, жабық мекемелерді қоғамдық бақылауға қатысатын азаматтардың атынан, аймақтық өкілдіктері жоқ Адам құқықтары жөніндегі уәкілге айтарлықтай қолдау болып табылады. Қазақстан 2008 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен келісе отырып, ҰААТ-ті құруға және қолдауға, азаптаумен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазаларға қарсы конвенцияны ратификациялады.
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық