Омбудсменнің Жамбыл облысы бойынша өкілі мүмкіндігі шектеулі баланы арнайы балабақшаға орналастыруға көмектесті

Омбудсменнің Жамбыл облысы бойынша өкілі мүмкіндігі шектеулі баланы арнайы балабақшаға орналастыруға көмектесті

3 жасар мүгедектігі бар баланың анасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің жеке қабылдауында болды.

Әйел ерекше баласын балабақшаға бере алмай жүргенін айтып, осы мәселе бойынша көмек қолын созуды сұрады.

Уәкіл өкілі облыстық білім басқармасына мүгедек баланы мектепке дейінгі мекемеге орналастыруды қамтамасыз ету туралы өтініш жолдады.

Соның нәтижесінде бүлдіршін Тараз қаласындағы No8 арнайы балабақшаға жіберіліп, қазіргі таңда мамандардан қажетті көмек пен қолдау алуда.