Тиімді құқықтық құралдарды әзірлеу - экономикалық өсуді жеделдету және әлеуметтік дамуды қамтамасыз етудің кепілі

Тиімді құқықтық құралдарды әзірлеу - экономикалық өсуді жеделдету және әлеуметтік дамуды қамтамасыз етудің кепілі

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Рамазанова Лаззатпен кездесуді өткіздік, сондай-ақ «Отбасы және гендерлік саясат мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы аясында көтерілген мәселелер талқыланды. Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары бастамашылық етті. Депутаттарға БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитетінің және БҰҰ аясындағы 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған 5-ші Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) (ағыл. Sustainable Development Goals (SDGs) ұсынымдары аясында әйелдер мен отбасылардың экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірледі.

Карантин жағдайында қоғамның қажетті ақиқатына айналған қашықтықтан жұмыс форматы жедел, Парламент депутаттарының және жұмыс тобына кіретін қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен осы талқыға қосылуға мүмкіндік берді. Барлық тараптардың қатысуымен заңнамалық бастамаларды алға жылжытудың бұл тәсілі азаматтар көтеретін мәселелерді шешудің тиімді құқықтық құралдарының дамуына ықпал етеді.                                                                                               

Қазақстан Республикасы

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық