Түркістан облысында омбудсмен өкілі тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдің құқығын қорғауға көмектесті.

Түркістан облысында омбудсмен өкілі тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдің құқығын қорғауға көмектесті.

Түркістан облысында ер адам әйелін үнемі ұрып-соғып келген.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

Азаматтар Уәкіл мен оның өңірлердегі өкілдеріне тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы өтініштерімен жиі жүгінеді. Мәселен, түркістандық әйел Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің аймақтағы өкіліне хабарласып, қызын күйеуі үнемі ұрып-соғатынын мәлімдеген.

Уәкілдің өкілі Шардара ауданының прокуратурасына мән-жайларды тексеру және заңда көзделген шараларды қолдану үшін ұсыным жолдады.

Нәтижесінде Шардара аудандық полиция бөлімі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, сот-медициналық сараптама тағайындады. Сонымен қатар, жәбірленуші 30 күн мерзімге профилактикалық есепке алынып, оған қорғау туралы ұйғарым шығарылды.

Жиналған әкімшілік құқық бұзушылық материалдары шешім қабылдау үшін Шардара аудандық сотына жолданды.