Абай облысының тұрғыны Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің көмегімен мемлекеттен өтемақы алды

Абай облысының тұрғыны Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің көмегімен мемлекеттен өтемақы алды

2023 жылы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына 5,3 мыңнан астам шағым түсті, олардың жартысынан көбін ел өңірлерінің тұрғындары жазған.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 20 АҚК өкілдігі бар, яғни әр облыста бір-бірден. Абай облысындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдігі 2023 жылдың тамыз айында ашылып,  Семей қаласының тұрғыны Сара Қайырбекованың өтінішін қабылдаған.

Сара Төлегенқызы 88 жаста, Қазақстанға еңбегі сіңген медицина қызметкері, Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болып қалған. 1938 жылы саяси қуғын-сүргінге ілінген әкесі оққа ұшып, жастай жетім қалды, кейін әкесі ақталды.

2023 жылдың маусым айында Абай облысының прокуратурасы Сара Төлегенқызына саяси қуғын-сүргін және ақтау құрбаны деп тану туралы анықтама берді. Алайда, Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласқанда, әйелге қажетті мемлекеттік қызмет көрсетілмеген, сонымен қатар мемлекеттік арнаулы жәрдемақы тек таңдау негізінде ғана төленетіндіктен құжаттарды қабылдаудан бас тартылған.

Сара Төлегенқызы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Дулат Жұмагелдинге жүгінді, ол мән-жайды анықтау үшін мемлекеттік органдарға сұраныс жіберді, сонымен қатар әйелдің Халыққа қызмет көрсету орталығына арызын беруге көмектесті. Нәтижесінде 2023 жылдың 15 қарашасында оған ақталған туралы куәлігі берілді.

Өтініш берушіге екі рет біржолғы ақшалай өтемақы төлеуден бас тартылғанына қарамастан, Омбудсмен өкілі әйелге Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш жазуға көмектесіп, желтоқсан айының басында Сара Төлегенқызына біржолғы ақшалай өтемақы тағайындалды.