
2020 жылдың 29 мамырында Ақтөбе облысы бойынша ҰААТ тобының жетекшісі Ақтөбе облысы Білім басқармасының "Аяла" өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен онлайн-кездесу өткізді және аймақтағы Ұлттық алдын алу тетігі (ҰААТ) қатысушы азаматтардың қызметі, азаптаудың және қатыгез қарым-қатынастың алдын алу бойынша Қазақстан заңнамасының негізгі ережелері туралы, оның ішінде лауазымды тұлғалардың өз алдындағы жауапкершілігі, сондай-ақ бұндай құқық бұзушылықтардың алдын алудағы ҰААТ-нің рөлі туралы хабардар етті.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл