Балалар мекемелерінде балалар құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылау күшейтілуі тиіс - Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл

Балалар мекемелерінде балалар құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылау күшейтілуі тиіс - Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл

2020 жылғы 25 мамырда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э. Әзімова Бала құқықтары жөніндегі уәкіл А. Саин, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюро өкілдерімен, "Қазақстанның Балалар Қоры" ҚҚ бірлесіп, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының облыстық білім басқармаларының басшыларымен, республикалық кеңес мүшелерімен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының басшыларымен онлайн-форматта кездесті.

Кездесу Білім және ғылым Вице-министрі Б. Асылова мен білім және ғылым министрінің кеңесшісі Р. Шердің бастамасымен ұйымдастырылды.

Азаматтық қоғамның өкілдері Р. Ақылбекова, Э.Ватлина балалар құқықтары жөніндегі комитеттің (ҚР БҒМ) қолдауымен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және ҰПМ аймақтық топтарының мүшелерінің қатысуымен қашықтағы форматта өткізілген барлық елдегі интернаттық мектептердегі балаларға арналған тренингтер туралы айтты. Тренинг аясында балалар заңнамасы және балалар құқығы саласындағы халықаралық құжаттар, олардың құқықтарын қорғауға туралы ақпаратқа қол жетімділік және білім алу туралы толық ақпарат алды.

Өз кезегінде адам құқықтары жөніндегі уәкіл ҰАМ арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерде адам құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылаудың бір түрі болып табылатынын атап өтті. Қазақстанның заңнамасында ҰАМ-ға қатысушы азаматтардың қызметіне кедергі келтіргені үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі көзделген. Олардың арнайы әлеуметтік мекемелердің барлық типтеріне алдын ала бару 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап енгізілді.

Адам, әсіресе балалар құқықтарының бұзылуының алдын алу мақсатында Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мен бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесе отырып қоғамдық бақылауды күшейту қажеттілігі ШҚО-дағы Аягөз балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында және Түркістан облысындағы № 7 Тасарық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болған қайғылы оқиғалар мен анықталған жүйелі бұзушылықтарды растайды.

 

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл