
ЕС-164/6 ДУИС мекемесінің әкімшілігі ҰПМ өкілдерімен бірлесіп онлайн видео-семинар өткізді. СҚО бойынша ҰПТ басшысы Ә.К.Данчев өз сөзінде халықаралық ұйымның мәнін ашып, сотталған әйелдерге қатысты өзекті мәселелерді ашты. Атап айтқанда, ҰПМ қызметінің негізгі мақсаты - бас бостандығынан айырылған адамдарды азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын жазадан қорғау.
Семинар барысында сотталған әйелдер қоғамдық ұйымдарға жүгіну фактілері бойынша құпия-сырды сақтау туралы, ҰПМ жұмысының нәтижелері бойынша әлеуметке ақпараттың жеткізілуі туралы сұрақтар қойылды. Мекеме әкімшілігі "қоғамды түрмеге, ал түрмені қоғамға" принципін анықтайтын "реабилитациялық түрме" жобасы жұмысын тоқтатпауда. Жоба мақсаты -әлемдік дайындық стандарттарына сәйкес келетін мекеме құру. Сондықтан мекеме қызметі ізгілік атмосферасын құруға негізделген және жазаны өтеу кезінде сотталған әйелдерге көмек көрсету болып табылады.
Толық ақпарат: https://polisia.kz/ru/predstaviteli-npm-proveli-video-seminar-s-osuzhdennymi-zhenshhinami-v-sko/