
16 мамыр 2020 жылы Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың төтенше жағдай кезінде мемлекеттік басқару тетігін нақтылайтын Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне түзетулер енгізу туралы Заңға қол қойды.
Елдегі төтенше жағдай кезінде, 2020 жылдың 16 наурызынан 11 мамырына дейін болған жағдай көрсеткендей, ұйымдар мен мекемелердің басым көпшілігі қашықтықтан жұмыс режиміне көшірілді. Қызметтік өмірді қамтамасыз етуге, денсаулықты қорғауға, ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты ұйымдар мен мекемелер жұмысын жалғастырды. Бірқатар кәсіпкерлік обьектілер жұмыстарың тоқтатты. Осылайша, елімізде алғаш рет енгізілген төтенше жағдай дағдарысқа қарсы шараларды жедел басқару тетігінің қажеттілігін көрсетті.
2003 жылы қабылданған «Төтенше жағдайлар» туралы заң бұл тұрғыда бұрын қарастырмаған. Осы орайда салық, банктік, бюджеттік, кедендік, еңбек, монополияға қарсы заңнаманың ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік мүлік саласындағы ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан Үкіметі осы Заңға нақтылықты енгізу туралы ұсыныстарға бастамашылық жасады.
Аталған заңға қабылданған түзетулер Қазақстан Республикасының Президентіне Парламентте талқылаудан өтіп, дағдарысқа қарсы шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалға, Төтенше жағдай кезеңінде Президент салықтарды төлеу мерзімдерін кейінге қалдыруы, кеден берешегін, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп алу шаралары және төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шараларды тоқтата тұруы мүмкін.
Дереккөз:(https://www.akorda.kz/ru/legal_acts/laws/glavoi-gosudarstva-podpisan-zakon-respubliki-kazahstan-o-vnesenii- izmenenii-i-dopolnenii-v-nekotorye-zakonodatelnye-akty-respubliki-kazahsta-248).