ҰПМ адам құқығын қорғайды

ҰПМ адам құқығын қорғайды

Ағымдағы жылдың 19 мамырында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қылмыстық-атқару департаментінің EC-166/1 түзеу мекемесінде «Skype» бағдарламасы арқылы тұрмыстық қызмет аясында қамауға алынғандармен жазасын өтеп жатқан сотталушылар Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық алдын алу тетігі(ҰААТ) өкілдері арасында кездесу өтті.

ҰПМ ұжымы атынан Токина Айдана мен Сақтағанова Линара қатысты. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерге назар аударылды: мекемелерді  дезинфекциялау, медициналық көмек, COVID-19 жұқпасының алдын-алу жұмыстары, мекемедегі адамдардың тамақтануы, жеке гигиенаның тазалығы сияқты өзекті мәселелер айтылды. Бұл тармақтарды талқылауға медициналық бөлімнің өкілдері шақырылды.

Осы орайда, ішкі құрылым мен дін мәселесі, қасиетті Рамазан айында Ораза ұстау мүмкіндігі мәселесіне ерекше назар аударылды. Сотталған және тергеу кезінде қамауға алынған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылмауы назардан тыс қалған жоқ. Кездесу соңында әкімшілік атынан тәрбие және әлеуметтік-психология жұмыс бөлімінің басшысы Айтмұқашұлы Жандос, Линара мен Айданаға осы іс-шараға уақыт бөліп келгендері үшін алғыс білдірді.

Дереккөз: https://www.instagram.com/p/CAZXH02JsDE/?igshid=22x8aw8wyve1

 

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл