Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы форумға қатысты

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы форумға қатысты

Maqsut Narikbayev University (MNU) қабырғасында "Егемен Қазақстан: Жастар дауысы" форумы өтті. Форумды Конституциялық және саяси зерттеулер институты ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты- әртүрлі жастағы заңгерлер арасында Қазақстан мемлекеті мен құқығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін ашық пікір алмасу үшін интерактивті алаң құру.

Форумда спикер ретінде магистранттар мен студенттер, ал менторлар ретінде құқық саласындағы беделді мамандар сөз сөйледі. Форум барысында «Егемендік туралы декларация: бәрі қалай болды», «Шындықтар мен қауіптер», «Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы Омбудсменнің рөлі» және басқа да өзекті тақырыптар талқыланды.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Салтанат Тұрсынбекова өз сөзінде жастардың құқықтарын қорғау және ілгерілету саласындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, жастарды ел өмірінің барлық салаларына белсенді қатысуға, саяси шешімдер қабылдауға жәрдемдесуге, азаматтық бақылауды жүзеге асыруға және әлеуметтік-құқықтық өзгерістерге ықпал етуге шақырды.

Форумға қатысушылар қазір Қазақстанда болып жатқан оқиғалар алда өгерістер күтіп тұрғанын білдіріп қана қоймай, жастардың еліміздің даму процесіне тікелей қатыса алуына жол ашады деген қорытындыға келді.