
18 мамыр 2020 жылы Алматы облысының ЕС-164/4 мекемесінде бейне байланыс арқылы сотталғандардың Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ҰААТ (Ұлттық алдын алу тетігінің) қатысушысы Кудрявцев Максим Александровичпен кездесуі өтті.
Әңгіме барысында сотталғандар жазаны өтеудің шарттарына, карантиннің аяқталуымен, мекеменің сыртына шығу рұқсатына қарасты бірқатар сұрақтар қойылды. Жазасын өтеушілерді алаңдатқан басты мәселе «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңның қабылдануы болды.
Кездесу кезінде сотталғандарды азаптап, зорлық-зомбылықты ия болмаса ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерді алдын алу мақсатында ҰААТ қатысушыларының байланыс номерлері ұсынылды.