Уәкіл Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты

Уәкіл Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Ластаев  а.ж. 27 қазаңында И.Роговтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.

Отырысқа мәдениет және ақпарат, оқу-ағарту, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер министрліктерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшылығы, сондай-ақ, Парламент депутаттары, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл және Комиссияның басқа да мүшелері қатысты.

Балалардың құқықтарын қорғау, оның ішінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тегін қосымша білім беру, толыққанды тамақтану, ауылдық жерлерде балалардың оқу сапасын арттыру бойынша өзекті мәселелер және басқа да сұрақтар талқыланды.

А.Ластаев түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмағандардың жоғары білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша Омбудсменнің ғылым және жоғары білім, ағарту, ішкі істер министрліктерімен бірлескен жұмысын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, Комиссия азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарын қорғау, стихиялық полигондардың пайда болуымен байланысты мәселелерді шешуге және осы саладағы инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған шаралардың тиімділігі мәселелерін қарады.