Омбудсмен Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшісімен кездесу өткізді

Омбудсмен Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшісімен кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 13 қазанында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Николас Якоб Шермерспен кездесу өткізді.

Кездесу барысында олар Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау, гендерлік теңдік және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелерін талқылады.

Уәкіл Қазақстандағы омбудсмен институтының құрылуы, Конституциялық реформа, жаңа Конституциялық заң және өз бастамалары туралы баяндады.

Елші Шермерс Нидерландының Қазақстандағы адам құқықтарының дамуын қолдауға мүдделілігін және азаматтардың құқықтарын сақтауға бағытталған жобалар мен бастамаларды іске асыруға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.