
21-22 қыркүйек аралығында Римде «Әлемдегі Омбудсмен рөлі: шындық пен мүмкіндік» атты халықаралық конференция өтуде.
Іс-шара омбудсмен институтының жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы қызметінің, соның ішінде: омбудсменнің азаматтар мен билік органдары арасын байланыстырушы ретіндегі рөлі; соғыс, климаттың өзгеруі, пандемия және теңсіздік сияқты жаһандық дағдарыстар жағдайындағы адам құқықтары; Денсаулық сақтау, оның ішінде медициналық көмекке қолжетімділік; мүгедек адамдардың құқығы мәселелеріне арналған.
Конференция жұмысына Түркия, Пәкістан, Канада, Оңтүстік Африка, Босния және Герцеговина, Ангола, Эфиопия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Буркино-Фасо, Перу, Бурунди, Бразилия, Бельгия, Аргентина, Алжир және басқа да көптеген елдердің омбудсмендері қатысуда.
«Омбудсмен, азаматтар мен жергілікті билік органдары арасындағы көпір» сессиясы аясында А. Ластаев ұлттық құқық қорғау институты қызметінің ерекшеліктері, ағымдағы міндеттері мен бастамалары туралы баяндады.
Уәкіл өз сөзінде қатысушыларды Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығымен құттықтап, Уәкіл туралы жаңа Конституциялық заң оған Конституцияға қайшы келетіндігін заңнамалық нормалар туралы мәлімдеуге рұқсат етілген ерекше құқық бергенін атап өтті.
Сөз соңында қазақстандық омбудсмен іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, қатысушыларды «Ұлттық заңнамада адам құқықтарын қамтамасыз ететін конституциялық және халықаралық нормаларды имплементациялау» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырды.