
2023 жылғы 17 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде «Ұрпақтар теңдігі, тұрақты даму мақсаттарының жетістіктерін жеделдету: ортаңғы нүкте» форумы өтті.
Іс-шараға: БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Амина Мохаммед; Ауғанстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Хория Мосадик; Мексика Әйелдерге арналған ұлттық институтының президенті (INMUJERES) Надим Гасман, Біріккен Танзания Республикасының Президенті Самия Сулуху Хасан, Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва; Малави Президенті Лазарус Чаквера, Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Антуан Чисекеди Тшиломбо, Исландия Премьер-Министрі Катрин Джейкобстодир, сонымен қатар Финляндияның сыртқы сауда және даму министрі Виле Тавио және Біріккен Танзания Республикасының қоғамдық даму, гендерлік, әйелдер және арнайы топтар министрі Дороти Гважима, Финляндияның шетелдік саудасы және дамуы министрі Виле Тавио, Канаданың халықаралық даму министрі Ахмед Хуссейн, Францияның халықаралық ынтымақтастық, мемлекеттік даму, франкофония министрі Хрисула Захаропулу және т. б. қатысты.
Форумның мақсаты-серіктестерді ынталандыру, инвестицияларды ұлғайту бойынша нәтижелерге қол жеткізу және Бейжің декларациясын, іс-қимыл платформасын және тұрақты даму мақсаттарын тиімді жүзеге асыруды жеделдету.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев өз сөзінде Қазақстанның тәуелсіздіктің үшінші онжылдығында адам құқықтарын ілгерілету, гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі прогрессивті саясатқа бет бұрғанын атап өтті. Биыл Қазақстан Орталық Азиядағы бейбітшілік келісімін қолдау және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» атты 1325 қарарын тиімді орындау мақсатында әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік, гуманитарлық қызмет мәселелері бойынша теңдік мәселесіне қатысты келісімге қосылды.
Сонымен қатар, Омбудсмен өз сөзінде, Президентіміздің Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты дамуға қол жеткізуге арналған өңірлік орталық құру жөніндегі бастамасы туралы атап өтті.
Баяндамадағы назар аударарлық мысалдың бірі Global Sportlight бастамасы аясында құрылған Орталық Азия альянсын қолдау арқылы Қазақстандағы гендерлік зорлық-зомбылықты тоқтатуға ықпал ету.
Уәкіл сөзінің соңында барлық серіктестерді осы жылдың қараша айында Қазақстан Үкіметі мен «БҰҰ-әйелдер» ұйымдастыруымен өтетін өңірлік «Midpoint» іс-шарасына қатысуға гендерлік теңдікті шындыққа айналдыруға бағытталған трансформациялық өзгерістерді бірге жасауға және шақырды.