Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілінің ықпалымен жетім балалардың құқықтары қалпына келтірілді  

Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілінің ықпалымен жетім балалардың құқықтары қалпына келтірілді   

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Д. Шарипбаев Қызылорда облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ж.Ұзақбаевамен бірге «Қызылорда облысы білім басқармасының жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу орталығына» барды.

Өңірдегі өкіл орталықтың жұмысымен танысып, ғимаратты аралап, тәрбиеленушілермен жеке қабылдау өткізу нәтижесінде бірқатар құқықбұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда тәрбиленушілерге берілетін қаржы көлемінің 2008 жылдан бері өспегені, ал жасөспірім М. сөзінен мүгедектікті алу үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама ала алмағаны, дәрілік заттарды өз қаржысына алып жүргені белгілі болды.

Қызылорда облысындағы өкіл  мониторинг нәтижесі бойынша құзырлы органдарға ұсынымдар жолдады.

Нәтижесінде жасөспірімдердің құқығы қалпына келтіліп:

  • 19 тәрбиеленушіге төленетін ақы 33 000 теңгеден 56 141 теңгеге өсті;
  • колледж студенті К.-ның шәкіртақысы мемлекет белгілеген мөлшер 30% - ға артып, 36 819,9 теңге сомасын құрады;
  • тәрбиеленуші М.-ға медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы негізінде үшінші топтағы мүгедектік берілді.

Балалардың құқықтарын бұзғаны үшін жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры мен 9 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.