
08.05.2020 жылы Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) топ қатысушылары Шымкент қаласы бойынша ҚАЖД-нің ИЧ 167/2 мекемесінде Елена Семенованың осы мекемедегі сотталғандарға қатысты 2020 жылғы 07 мамырда орын алған жаппай қатыгез зорлық-зомбылық туралы Facebook-тегі хабарламасына байланысты арнайы алдын ала барумен болды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2915852741838813&id=100002423464135?sfnsn=mo https://www.facebook.com/groups/HRBureau/permalink/2924657430950744/ https://www.facebook.com/groups/HRBureau/permalink/2924846047598549/
Дәл сол күні, 2020 жылғы 7 мамырда мекемеге Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қоғамдық бақылау комиссиясы (ҚБК) барып, сотталғандармен кездесіп, мекеме әкімшілігінің тарапынан азаптау немесе жаппай зорлық-зомбылық фактілерін анықтамаған. https://www.instagram.com/onk_shymkent/
2020 жылғы 8 мамырда ҰАТ тобы да осы оқиға қатысушы-сотталғандармен кездесіп, сөйлесті, олардың келісімімен визуалды қарап-шығу жүргізіп, нәтижесінде қандай-да бір дене жарақаттары анықталмаған. Сотталушылардың хабарлауы бойынша сотталғандардың арасында дөбелес орын алған және оның себебі басқа сотталғандар тобының тарапынан төнген қауіп мен талап етулер. Осыған байланысты басқа сотталғандар олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап еткен. Дөбелес кезінде жарақат алған бір сотталушы медициналық мекемеде ем алуда. Дөбелестің бастамашысы қазіргі уақытта Шымкент қалалық тергеу изоляторында және оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.Сотталушылардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерді болдырмау үшін мекеме әкімшілігі қабылдаған тиісті шараларға қатысты, сотталғандардың өздері айтқандай, шағымдар жоқ. Бүгінде мекемедегі жағдай тұрақтанды. Ескерту: ҚБК және ҰАТ - бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде және басқа да заңдарда қарастырылған тәуелсіз қоғамдық бақылау түрлері. Олар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне, тұтқындалған немесе ұстап алынған азаматтардың уақытша орналасатын арнайы мекемелеріне (үй-жайларға), сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызметтер алатын азаматтардың уақытша орналасатын әлеуметтік мекемелерге бару арқылы Қазақстан азаматтарының арасынан аймақтық топтарды құру арқылы жүзеге асырылады. ҰАТ мен ҚБК негізгі мақсаты - азаптаулар мен басқа да қатыгез әрекет түрлерінің алдын алу, осы мекемелерде адам құқығының қорғалуына ықпал ету.
ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті
ҚР Бас прокуратурасы Адам құқықтары жөніндегі Қазақстандың халықаралық бюро
Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы
Жеміс Тұрмағамбетова
Евгений Жовтис