
Адам құқықтарын қорғауға және азаптаулар мен басқа да қатыгез қарым-қатынас түрлерінің алдын алуға өзінің бейілділігін сақтай отырып, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.Әзімованың қолдауымен Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) төтенше жағдай кезінде өз жұмысын тоқтатпады.
Қазақстанда "Омбудсмен+" ҰАТ моделі жұмыс істейді. Таңдалған модель жергілікті жерлерде өңірлік өкілдіктері жоқ азаматтар мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өзара іс-қимылының неғұрлым оңтайлы және тиімді нысаны болып табылады. Іс жүзінде, ҰАТ қатысушылары – құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың шешімдері немесе сот шешімдері, үкімдері негізінде азаматтар уақытша болатын мекемелердің бірлескен қоғамдық мониторингін жүзеге асыруға ниет білдірген азаматтар қатарындағы өңірлік топтар. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің міндеті ҰАТ топтарына мекемелерге кедергісіз кіруді және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
Төтенше жағдай коронавирустық инфекцияның пандемиясына (COVID-19) байланысты Қазақстанда Президенті К. Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жылғы 16 наурызда сағат 08.00-ден бастап енгізілді және 2020 жылғы 11 мамырға дейін ұзартылды.
Алғашқы күннен карантин режиміне ҰАТ мандатына жататын барлық мекемелер ауыстырылды. Қазақстанда ҰАТ мандатына 3 200-ден астам мекеме кіреді.
Бұл ретте әлеуметтік және әлеуметтік-медициналық мекемелерге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ұсынымдарын ескере отырып, онда жүрген азаматтардың денсаулығы үшін барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында үшінші тұлғаларға баруға толық тыйым салынды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің аппараты телефон байланысы және бейне қоңыраулар арқылы осы мекемелердің алдын алу мониторингін жүзеге асырды.
Пенитенциарлық жүйе, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторлары мекемелері бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл Бас прокуратурамен және ҚР ІІМ-мен азаматтардың азаптаулар туралы шағымдары түскен жағдайда ҰАТ қатысушыларының, қоғамдық бақылау комиссиялары (ҚБК) мен үкіметтік емес ұйымдарға кедергісіз баруын сақтау туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Кейбір жағдайларда БҰҰ Азаптауларға қарсы кіші комитетінің ұсынымдарын ескере отырып, сыртқы байланыс жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында бейнесұғыр ұйымдастырылды.
Өзара іс-қимылдың келісілген алгоритмі шеңберінде ҰАТ және ҚБК қатысушылары аймақтардағы бас санитарлық дәрігердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын барынша сақтаған жағдайда жүзеге асыратынын атап өткен жөн, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жанында бірыңғай call-орталық жұмыс істейді, сотталғандарға және олардың туыстарына бейнетүсірілім мен бейнесұғыр беріледі. Күндізгі кездесулер карантин алынып тасталғаннан кейін жаңартылады. Күзетпен ұстау орындарында жүрген адамдардың қатысуымен Сот отырыстарын және олардың адвокаттармен кездесулерін қашықтық форматта да өткізе бастады.
Елдің бас санитарлық дәрігерінің ұсынымдарын ескере отырып, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті карантинге жабық өңірлер арасында орын ауыстыру бойынша қиындықтарды болдырмау үшін бостандыққа шыққан азаматтарды үйге дейін қызметтік автокөлікпен алып жүруді қамтамасыз етеді. Осылайша, қажетті қорғаныс құралдарын ұсына отырып, босатылған 69 адам еріп жүрді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және оның аппараты төтенше жағдай енгізілгеннен бастап өз қызметін тоқтатпаған. Бұл ҰАТ қатысушыларынан, адвокаттардан және азаматтардан келіп түскен адам құқықтарының бұзылуы туралы хабарламалар бойынша мемлекеттік органдармен тұрақты жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы