
Баршаңызды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
9 Мамырда біз адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларды ерекше құрметпен еске аламыз.
Майдан даласындағы жауынгерлік ерлік пен тылдағы қажырлы еңбекке тағзым етеміз.
Бұл – нағыз батылдықтың, әскери даңқ пен патриотизмнің мерекесі.
Батырларымызға мәңгілік тағзым ету, ардагерлерге қамқорлық көрсету, халықтың ынтымағы мен тұтастығын сақтау – біздің қастерлі борышымыз.
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, игілік пен бақ-береке тілеймін!
Зор құрметпен, Эльвира Әзімова,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл