Қостанай облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Еңбек, Әлеуметтік қорғау және Көші-қон комитеті департаментінің және облыстың Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдерімен бірге 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары диагнозы бар 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған № 2 Рудныйдағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына жұмыс сапарымен барды.
Мониторинг барысында қызмет алушылардың тұру жағдайы, тамақтану, медициналық көмектің сапасы, маусымдық киіммен қамтамасыз ету, бос уақыттарын ұйымдастыру, арнаулы әлеуметтік қызметтердің уақытында көрсетілуіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, алдыңғы сапардың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстардың орындалуы тексеріліп, орталықтың проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.