«ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ: ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ: ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы (бұдан әрі –АҚҰО) ағымдағы жылдың 28-29 қыркүйегі аралығында «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс – қимыл: проблемалар мен шешу жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция (бұдан әрі-Конференция) өткізуді жоспарлап отыр.

Конференция отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы тәжірибе алмасу алаңы.

Онда келесі секциялар ұйымдастырылады:

- Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: ұлттық алдын алу тетіктері және әлемдегі озық тәжірибелер;

- Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін жауапкершілікті күшейту: әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық шаралар қабылдау.

Конференцияға Еуразиялық Омбудсмендер альянсының мүшелері, үкіметтік емес, құқық қорғау және халықаралық ұйымдардың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшылар қатысады деп жоспарлануда.

Қатысу формасы: күндізгі және сырттай.

Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Жинақта мақалаларды жариялау тегін. Мақалаларды ресімдеу бойынша талаптар.

Мақалалар 2023 жылдың 25 қыркүйегіне дейін zh.abdilmanova@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша АҚҰО қызметкері Жанна Тұяққызы Абдильмановаға хабарласуға болады, тел.: 8 (701) 216-70-90.