Мекемеде 310 адам жазасын өтеуде, оның 50% - ы аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, 44,5% - ы ауыр қылмыстары үшін және 5,2% - ы ауыр емес қылмыстары үшін түрмеде отыр.
Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің басшылығы, облыс прокуратурасымен бірге ас үй, танысу бөлмелері мен медициналық кабинеттерді, камераларды және тәртіптік изоляторларларды қарап шықты.
Сотталғандарды түзету және жаңа қылмыстарды болдырмау үшін олар жабық мекемелерде жазаны өтейді. «Сотталған адамды түзетудің тиімді әдісі-бұл еңбек терапиясы, сонымен қатар бұл оларға ақща табуға және талап - арыздарды өтеуге көмектеседі», - дейді ҚАЖД бастығының орынбасары Е.Әбікеев. Бірақ мекемеде жұмыс көлемінің болмауына байланысты тек 43 адам жұмыспен қамтылған.
С.П. Тұрсынбекова медицина қызметкерлерінің жұмыс барысымен танысты. Осы жылдың қаңтар айынан бастап түрме медицинасы Денсаулық сақтау министрлігіне берілді, оны халықаралық қауымдастық оң қабылдады.
Сапар соңында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен прокуратура қызметкерлерін алдағы уақытта Уәкілдің өңірдегі өкілімен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.