
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілінің атына сотталғандарға медициналық көмек көрсетілмегені туралы шағымдар түсті.
Бірінші жағдайда сотталушыға хирургиялық, ал екіншісінде стоматологиялық көмек қажет болды.
Сотталғандардың туыстарының айтуынша, олар ұзақ уақыт бойы медициналық көмекке қол жеткізе алалмаған, сол себепті Уәкілдің өкіліне жүгінді.
«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдар Уәкілдің өкіліне қажетті материалдар мен мәліметтер беріп, жедел түрде жәрдемдесуге міндетті.
Осылайша, мемлекеттік органдармен үйлесімді жұмыс жасалып, сотталғандар сапалы медициналық көмекке қол жеткізді.