Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі А. Ластаев Шымкент қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі А. Ластаев Шымкент қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті

Азаматтық ресурстық орталықта Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қоғамдық бірлестік  өкілдерімен кездесті.

Қоғамда орын алған мәселелер осы ұйымдардың көмегімен шешімін табуда. Халықтың өзекті әрі маңызды мәселелерін көтеріп, олар азаматтармен іс-қимылды дұрыс жолға қойды.

Талқыланған тақырыптарының бірі әрі бірегейі елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі. Күн сайын әйелдер отбасындағы тирандардың ұрып-соғып, қорқытып, қорлауына шыдап, адамгершілікке жатпайтын істің құрбанына айналуда, нәтижесі қайғылы жағдайға әкелуде.

Күн тәртібінде АИТВ жұқтырған балалар проблемасы да көтерілді.

Өңірдегі балалар омбудсмені Ж. Жазықбаева көбіне бала 18 жасқа толғанда мүгедектігі алынып тасталатынын, ал осы балалардағы иммунитеттің өздігінен вируспен күресуге қауқарсыз екенін айтты, олардың күнделікті дәрі-дәрмек қабылдауы қажеттігін сөз етті.

Өз кезегінде А. Ластаев осы топтағы адамдардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау үшін өз атына тиісті хат жолдауды сұрады.

Кездесу аясында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері мен одан аман қалған әйелдер мәселесіне ерекше назар аударылды.

Әйелдерге жасалған зорлық-зомбылық салдарынан болатын өлім-жітім статистикасы бұл көрсеткіштің кемімей тұрғанын, кәмелетке толмағандарға қатысты да жыныстық қолсұғу қылмысының ашылу деңгейі төмен екенін көрсетті.