Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау-маңызды міндет

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау-маңызды міндет

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Шымкентке жұмыс сапары барысында мүгедектігі бар адамдардың өкілдерімен кездесті.

Мүгедектігі бар тұлағаларды қорғау кез-келген мемлекеттік органның маңызды міндеттерінің бірі. Дегенмен, бүгінгі күні оңтүстік өңірде де олардың құқықтарын бұзу фактілері кездесуде.

Омбудсмен аталған санаттағы адамдардың өмір сүруі мен қоғамға бейімделуі үшін қолайлы жағдай, басқалармен тең мүмкіндіктер жасау қажет, олардың проблемаларын уақытылы шешіп, әлеуметтік қорғау, құқықтарын сақтау мемлекеттің алдындағы қойылған міндет деп санайды.

Уәкіл әр адам өзінің физикалық немесе психикалық ерекшеліктеріне қарамастан лайықты өмір сүруге және қоғамдағы оқиғаларға толыққанды қатысуға құқылы екенін де атап өтті.

Кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін инфрақұрылымның қолжетімділігі, әлеуметтік қамсыздандыру және медициналық көмек көрсету сияқты проблемалар тыңдалды. Білім беру, жұмысқа орналастыру және кемсітушіліктен қорғау мәселелері де сөз етілді.

Шымкент қаласы мүгедектер қауымдастығының өкілі Вадим Торопов оларды тиісті ғимаратпен қамтамасыз ету, инватакси паркін жаңарту, сондай-ақ мемлекет тарапынан мүгедек адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды қолдау қажеттігілігі туралы өтінішімен жүгінді.

«Мен сіздердің барлық сұрақтарыңызды зерделеймін, олар бойынша құзыретті органдарға ұсыныс хаттар дайындалатын болады» - деді Артур Ластаев