Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Үкіметтік емес ұйымдардың дағдарыс орталықтары жұмыстарын жалғастыруда

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Үкіметтік емес ұйымдардың дағдарыс орталықтары жұмыстарын жалғастыруда

2020 жылғы 27 сәуір. Карантин жағдайында қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтар қолдау мен әлеуметтік көмекке аса зәру. Бұған әсіресе әйелдерге, балаларға, қарт адамдарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көбеюі дәлел бола алады. БҰҰ, ДДСҰ және ЮНИСЕФ мемлекеттерді осындай азаматтарға, үкіметтік емес ұйымдарға, атап айтқанда дағдарыс орталықтары мен пана үйлері барларына көмек көрсетуді күшейтуге шақырды. Өкінішке орай, бұл ұйымдар қозғалысқа қойылған шектеулерге байланысты әлеуметтік және уақытша тұру қызметтерін көрсетуде қиындықтарға тап болды. Алматыдағы «Родник» үкіметтік емес ұйымы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мен Мәжіліс депутаты Ирина Смирновадан мәселені шешуге ықпал етулерін сұраған. Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігіне адам құқығын қорғауға бағытталған мәселені тез арада шешкендері үшін алғыс білдіреміз. Бұл ұйымға жұмыссыз қалған мигранттар мен балалары бар әйелдерге қолдау көрсету қызметтерін жалғастыруға мүмкіндік берді.

Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық