Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасары А. Надиркулованың Мажарстанға жұмыс сапары

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасары А. Надиркулованың Мажарстанға жұмыс сапары

         2023 жылғы 16-19 мамыр аралығында негізгі құқықтар жөніндегі уәкілдің шақыруы бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасары А. Надиркулованың Мажарстанға жұмыс сапары өтуде.

         Іс-шараға Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан омбудсмендері де қатысады.

         Сапар барысында А. Надиркулова Мажарстан Омбудсменімен, Мажарстан Конституциялық Сотының Төрағасымен және пенитенциарлық қызметтің Ұлттық қолбасшысымен кездесті, Дебрецен қаласындағы Омбудсменнің өңірлік кеңсесіне барып, Сабольч-Сатмар-Берег уезінің полиция бастығымен кездесу өткізді, сондай-ақ Веспрем округінің пенитенциарлық мекемесіне барды.


         19 мамырда Венгрияға жұмыс сапарының қорытынды күні А. Надиркулова қауіпсіздік және энергетикалық қауіпсіздік саясаты жөніндегі мемлекеттік министр Старай Петермен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.


         Сол күні А. Надиркулова Ұлттық полиция бас басқармасының және Мажарстан пенитенциарлық қызметінің Ұлттық штаб-пәтерінің өкілдерімен танысу кездесуін өткізіп, сондай-ақ халықаралық конференцияға қатысады.


         Жұмыс сапары барысында А. Надиркулова шетелдік әріптестеріне Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан қайта құрулардың барысы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру призмасы арқылы мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы және оның келешегі туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Сонымен қатар, елдің құқық қорғау әлеуетін едәуір кеңейтетін ережелері айтылып, елдің дамуының демократиялық контекстіндегі саяси реформалар, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің ағымдағы мәселелері талқыланды.


         Жалпы, адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасары А. Надиркулова ұсынған ақпарат шетелдік әріптестердің қызығушылығы мен қолдауына ие болды.
Кездесулер қорытындысы бойынша одан әрі бірлескен ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.