ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯСЫ БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕРДІ СОVID-19 ТАРАЛУЫНА ІЛЕСПЕ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ІНДЕТІНЕН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ҮНДЕУІН ҚОЛДАЙДЫ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯСЫ БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕРДІ СОVID-19 ТАРАЛУЫНА ІЛЕСПЕ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ІНДЕТІНЕН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ҮНДЕУІН ҚОЛДАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Комиссия коронавирус пандемиясына байланысты бірқатар елдерде карантин енгізілгеннен кейін әлемде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсуіне байланысты қазақстандықтарды «Зорлық-зомбылықсыз карантин» флэшмобына қосылуға шақырады.

Хабарланғандай, COVID-19 вирусының таралуымен күресу үшін енгізілген карантин және өзін-өзі оқшаулау режимінің аясында бүкіл әлемде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өршуі байқалады. Бұл туралы елдерді жаппай оқшаулау жағдайында туындаған тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресті күшейтуге шақырған, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді. https://news.un.org/ru/story/2020/04/1375602

БҰҰ төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған Жаднама әзірледі.  https://kazakhstan.unfpa.org/sites/default/files/pub-pdf/COVID-19%20GBV%20%281%29%20%2811%29%20%281%29.pdf

Тұрмыстық зорлық-зомбылық «жұқпалы» болып келеді. Карантин режимінде жедел желіге қоңырау шалудың саны артты, өтініш білдіргендердің көбісінің жүйке жүйесі жұқарғаны байқалады. Өйткені, карантин уақыты кезеңінде әйелдер агрессивті серіктестермен бірге оқшаулануда, ал үрей, қорқыныш, күйзеліс жағдайларында жанжал шиеленісіп, физикалық зорлық-зомбылыққа әкеледі. Сонымен қатар, үйдегі зорлық-зомбылықтың құрбандары қазіргі уақытта бұрын зардап шеккендерді паналаған көршілердің көмегіне де сүйене алмайды.

 «Әрине, біз келушілерді жұбатуға тырысамыз, оларды дағдарыс орталықтарына бағыттаймыз. Бірақ мәселе кешенді шешуді талап етеді. Біз құқық қорғау органдарының қалың жұртшылықтың назарын осы мәселеге аудару мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз карантин» флешмобын бастаймыз. Флэш-мобтан қандай нәтижелер күтеміз? Халықты Дағдарыс орталықтары мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше инспекторларының байланыстары, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек алуда қол жетімділігі мен жеделдігі туралы кеңінен хабардар ету. Әйелдер мен балалар абсолютті қауіпсіздікте болуы тиіс», деп «Зорлық-зомбылықсыз карантин» атты флэшмобты белсенді қолдап отырған Алматы қаласы Әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері есептейді.

Ұлттық Комиссия тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне немқұрайлы қарамайтын барлық адамдарды «Зорлық-зомбылықсыз карантин» флэшмобына қосылуға шақырады. Ол үшін медициналық маскамен «Зорлық-зомбылықсыз карантин» сөздері жазылған қағаз парағымен суретке түсіп, «Facebook» әлеуметтік желісіне #зорлықзомбылықсызкарантин хэштегі көрсетілген фотосуретті жүктеңіз.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова «Зорлық-зомбылықсыз карантин» флэшмобына қосылады.

Толығырақ: http://kisi.kz/index.php/kz/is-sharalar/2020-zhyl/5570-r-prezidenti-zhanynda-y-jelder-isteri-zh-ne-otbasyly-demografiyaly-sayasat-zh-nindegi-ltty-komissiyasy-b-bas-khatshysyny-jelderdi-sovid-19-taraluyna-ilespe-zorly-zombyly-indetinen-or-au-turaly-ndeuin-oldajdy?fbclid=IwAR2iaxVMHijUOBnQ8OPyp5aNhtG0j4LjU-Fa2f_vYh62tqBHO672_9HUWmE