Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасары А. Надиркулова БҰҰДБ ұйымдастырған серіктестік форумына қатысты

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасары А. Надиркулова БҰҰДБ ұйымдастырған серіктестік форумына қатысты

         2023 жылғы 13 мамырда БҰҰ Даму Бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері үшін әріптестік форум өткізді.

         Іс-шараға БҰҰДБ Қазақстан Республикасында бірлескен жобаларды іске асыратын 20-дан астам министрліктер, агенттіктер, ведомстволық бағынысты ұйымдар қатысты.

         Әріптестік форумының мақсаты теңсіздікті жою, әлеуметтік қорғау, тиімді мемлекеттік басқару, құқық үстемдігі, орнықты экономикалық даму, энергия тиімділігі, энергияны үнемдеу,  сондай-ақ климаттық күн тәртібі және т.б. мәселелер бойынша БҰҰДБ мен Қазақстанның стратегиялық ынтымақтастығын талқылау болып табылады.

         Ашық пікірталастар, интерактивті сессиялар барысында тараптар қол жеткізілген нәтижелерді талқылап, сондай-ақ орнықты даму мақсаттарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы мен БҰҰДБ әріптестігін одан әрі нығайту жолдарын белгіледі.

         Форум соңында гендерлік күн тәртібі және «жұмсақ» дағдылар бойынша оқыту тренингтері өткізілді.