БҚО бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған азаматтардың шағымына қатысты денсаулық сақтау мекемесіне мониторингтік іс-шара жүргізді

БҚО бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған азаматтардың шағымына қатысты денсаулық сақтау мекемесіне мониторингтік іс-шара жүргізді

         Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Батыс Қазақстан облысы бойынша Өкілі А.Жұбаныш ҚР Конституциясының 83-1 бабына сәйкес азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша қоғамдық ұйым өкілдері «Ел Намысы» АМТ мүшелері Н. Курумбаев және А. Мальтиев, сондай-ақ БҚО мәслихат депутаттары Б.Лавреньтев пен Р.Браловтің қатысуымен жуырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Облыстық психикалық денсаулық орталығы»  ШЖҚ МКК мекемесінде ем қабылдап жатқан науқастарды азаптау, олардың еңбегін заңсыз пайдалану және дәретханаға жіберілмеуі, емделуші адамдардың ұстау жағдайларының нашарлығы бойынша  мониторинг қызметін жүзеге асырды.

         Мониторинг нәтижесінде видеокамералардағы бейнежазбалар мен асханадағы ас мәзірі зерделененіп, нақты бір емделушіге ем беру шарасын құзырлы мемлекеттік органдардың дәрігер сарапшылар пікіріне сүйене отырып шешім алу қажет деп кеңес берілді.