
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкіліне сотталғандардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы өтініштер түсуде.
Өтініштердің белгілі бір бөлігін сотталғандардың денсаулығын сақтау құқықтарын бұзу туралы шағымдар құрайды.
Денсаулықты қорғау құқығын қалпына келтірудің оң мысалдары ретінде түрлі аурулардан емделуге жәрдемдесу туралы сотталғандардың өтініштерін келтіруге болады.
Осылайша, өкілдің бастамасы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің мекемелеріндегі медицина бөлімшесіне жоспардан тыс келу іс-шарасы жүргізіліп, нәтижесінде медициналық көмек көрсету және ем алу бойынша бұзушылықтар анықталды.
Өкілдің араласуымен үш сотталғанның денсаулығын сақтау құқығы қалпына келтіріліп, диагностика жүргізілді, сондай-ақ тиісті емдеу тағайындалып, дәрілік заттарды беру қалпына келтірілді.
Бұдан басқа, қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің дәрігерлік амбулаторияларының 2 медицина қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.