Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур ЛАСТАЕВ өңірлік өкілдердің және адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жұмысын қорытындылады

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур ЛАСТАЕВ өңірлік өкілдердің және адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жұмысын қорытындылады

         2023 жылғы 25 сәуірде Омбудсман Артур Ластаевтың төрағалығымен өңірлік өкілдер мен адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қатысуымен тоқсандық кеңес өтті.

         Үш айдың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

         Өкілдерге ұлттық алдын алу тетігімен белсенді жұмыс істеу, қолданыстағы заңнаманы адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелермен корреляциялау тұрғысынан талдау, жабық мекемелерге бару, шағымдарға сапалы жауап беру, жеке қабылдаулар жүргізу, сондай-ақ этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау тапсырылды.

         Жекелеген өкілдердің нәтижелері оң атап өтіліп, олардың тәжірибесін өңірлер бойынша тарату тапсырылды.

         Қорытындылай келе, Омбудсман уәкілетті институттың негізгі міндеттерінің бірі адамға қатысты жіберілген әділетсіздікті түзету болып табылатынын еске салып, жүйелі және сапалы жұмыстың қажеттігін атап өтті.