Адам құқықтары жөніндегі Омбудсман ҰАТ қатысушыларымен және Алматы қ.ҮЕҰ өкілдерімен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Жұмыс кездесуінде қатысушылар ҰАТ қызметі мен жұмыс нәтижелері, сондай-ақ кездесетін проблемалар мен сын-қатерлер туралы айтып берді.
Ұлттық алдын алу тетігі азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын емдеу мен жазалаудың алдын алу жүйесі түрінде әрекет етеді.
Адам құқықтары жөніндегі Омбудсманның кеңсесі және ҰАТ қатысушылары елдің Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұстау жағдайларына, сотталғандардың құқықтарының сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.
Нәтижелері бойынша ұсынымдар шығарылып, соның негізінде ҚАЖ департаменттері мен мекемелерінің басшылығы оларды орындау бойынша дереу шаралар қабылдайды.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 53 ұсыныс түсті. Сонымен қатар, 2022 жылдың кезеңінде Алматы қаласы бойынша ҰАТ қатысушыларымен 140 ұсыныс енгізілді. Қазіргі уақытта 84 ұсыныс орындалып, 52 ұсыныс қарастырылуда, 4 ұсыныс орындалмаған.
Өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қаласының ҰАТ қатысушыларының жаңа құрамы құрылды. ӨСК кеңсесі БҰҰДБ, ЕҚЫҰ және БҰҰ БЖКБ Қазақстандағы өңірлік өкілдігімен бірлесіп ағымдағы жылдың 11-12 мамыр аралығында Астанада ҰАТ жаңа мүшелеріне арналған оқыту тренингтері жоспарланған.
А. Ластаев өз жұмысының тиімділігі мақсатында ҰАТ қолданатын ерекшеліктер мен әдістемелер бойынша түсініктемелер берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша А.Ластаев ҰАТ мүшелері мен ҮЕҰ өкілдеріне жан-жақты қолдау білдіріп, одан әрі ынтымақтастық шеңберінде жоспарлар белгіленді.