Ішкі істер министрі: Ішкі істер министрлігінің жазаны өтеу жүйесі пандемияға қарсы күреске де өз үлесін қосады

Ішкі істер министрі: Ішкі істер министрлігінің жазаны өтеу жүйесі пандемияға қарсы күреске де өз үлесін қосады
Тұтқындар қылмыстық-атқару жүйесінің тігін цехтарында қорғаныс костюмдері мен маскалар тігіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz. Бұл туралы Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-да өткен брифинг барысында айтты. Ішкі істер министрлігі басшысының тапсырмасымен төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, елдің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің тігін цехтарында олар қорғаныш бетперделерін тіге бастады.
Кешеден бастап арнайы қорғаныс костюмдерін шығару басталды. Күніне 500 дана шығарылады. «Бұл біздің қызметкерлеріміздің қорғаныс құралдарына деген қажеттілігін іс жүзінде алып тастады, сонымен бірге сотталғандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етті», - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. Естеріңізге сала кетейік, барлық аймақтардағы қылмыстық-атқару мекемелерінде қорғаныс маскаларын жаппай тігу үшін тігін цехтарының жұмысы жанданды, мыңнан астам тігін машиналары тартылды, олардың күнделікті өнімділігі 50 мыңды құрайды.