Шарттар өзгертілді — қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады

Шарттар өзгертілді — қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады
Бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтардың 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем түрінде мемлекеттік қолдауды қалай ала алатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Оның айтуынша, қазіргі жағдайда көптеген кәсіпкерлер, әсіресе, шағын және орта бизнес өз жұмыскерлерін жалақысын сақтаусыз еңбек демалысына жіберуге, тіпті, қысқартуға мәжбүр. Бүгінде Қазақстанда 2 млн астам өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам тіркелген, олар ресми және ресми емес жұмыс істейді. Қазір олар табысынан айырылған.
«Президенттің тапсырмасы бойынша біздің елімізде МӘСҚ қорынан әлеуметтік төлем енгізілген – табысынан айырылған тұлғаларға 42 500 теңге беріледі. Кеше өзінің үндеуінде Мемлекет басшысы осы төлемді алу тетігін кеңейтуді тапсырды», — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.