Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қарағанды облысының балалар омбудсменімен өңірдегі балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жағдайын талқылады

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қарағанды облысының балалар омбудсменімен өңірдегі балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жағдайын талқылады

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қарағанды облысына жұмыс сапарын жалғастыруда. Ол облыстың Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Ирина Кисилевамен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар балалардың құқықтарын қорғаудың ағымдағы жағдайын талқылап, алдағы бірлескен жұмыс жоспарларын белгіледі.

Атап айтқанда, Ластаев Қазақстанның бала құқықтары туралы Конвенцияға Факультативтік хаттамаға қосылуын құптады, бұл бала құқықтарын қорғаудың практикалық тиімділігін айтарлықтай арттырады. Ол сондай-ақ балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының маңыздылығын атап өтті.

Уәкіл білім беру мекемелеріндегі буллинг мәселесін назардан тыс қалдырмады. Балалар омбудсменін және ҮЕҰ өкілдерін облыстағы Омбудсмен өкілімен бірлесіп жағдайды мұқият қадағалауға және осындай оқиғалардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауға шақырды. Бұл мәселе бойынша одан әрі шаралар қабылдау үшін бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша талдау жасауды ұсынды.

Омбудсмен сондай-ақ кәмелетке толмағандарға интернеттегі және әлеуметтік желілердегі кері әсерін тигізетін мәселелерді қозғап, кез келген зиянды мазмұнды анықтау үшін олардың мониторингін жүргізуді және одан әрі шаралар қабылдау үшін ақпаратты аймақтағы өз өкіліне беруді ұсынды.

«Балалардың құқықтарын қорғау және оларға қатысты зорлық-зомбылықты жою Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің, үкіметтік емес сектордың және азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігері бізге осы маңызды бағытта нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетініне сенімдімін», - деп қорытындылады Ластаев.

#Ombudsman #Уәкіл #АдамҚұқығы