Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаевпен кездесу өткізді. Кеңеске облыс прокурорының бірінші орынбасары және өңірдің ПД, ҚАЖД бастықтары қатысты.
Омбудсмен адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының, әсіресе оның өңірлік өкілдіктерінің жергілікті деңгейде бұзылған адам құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесудегі маңыздылығын атап өтіп, өңір басшысымен бірлескен қызмет жасауға үміт білдірді.
«Омбудсменнің Қарағанды өкілдігіне өтініштерді өз бетінше қарау жөніндегі өкілеттіктерді берген сәттен бастап жарты ай ішінде сот актілерімен және қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерімен келіспеушілік, жалақы төлемеуді қоса алғанда, бірқатар мәселелер бойынша 13 өтініш келіп түсті», - деп атап өтті Ластаев.
Уәкіл өз сөзінде халық арасында үлкен алаңдаушылық туғызатын адам құқықтары, қоршаған ортаны қорғау және өңірдегі еңбек қауіпсіздігі мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. Ол әкімді бейінді органдардың назарын қабылданған шешімдердің орындалуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуге аударуға және өз өкілін процестерге белсенді тартуға шақырды.
«Біз адам құқықтарын қорғаудың басқа түрлері әрекетсіз болған жағдайда, іске қосыламыз. Біз атқарушы немесе құқық қорғау органдарының құзыретін алмастырмаймыз, оларды адам құқықтары жағынан толықтырамыз», - деп нақтылады Ластаев.
Омбудсмен сондай-ақ Теміртау қаласының Ақтау кентінде 6 адамның өмірін қиған өрттердің алдын алу және жою жөніндегі уәкілетті органдардың қабылдап жатқан шараларының толықтығының жоқтығына назар аударды. Өрт туындаған жағдайда Ақтау кентінің халқы Теміртау қаласынан жақын арадағы өрт есептеулерінің келуін күтуге мәжбүр, оған дейінгі қашықтық шамамен 30км құрайды, бұл өрт болған жағдайда ден қою шараларын қабылдаудың жеделдігіне әсер етуі және қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін.
Кездесу соңында өңірде адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нәтижелі және сындарлы пікір алмасу өтті. Омбудсмен Қарағанды облысында Адам құқықтарын ілгерілету және қорғау бойынша әкімдікпен және тиісті органдармен тығыз ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.